«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 6 қарашадағы № 312 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 6 қарашадағы № 312 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарында:

4-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«32) медициналық сертификат - медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеңіл және аса жеңіл авиация класының қолданыстағы медициналық сертификаты;»;

10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеңіл және аса жеңіл авиация класының қолданыстағы медициналық сертификаты;»;

12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2 класты қолданыстағы медициналық сертификат;»;

18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 1 класты қолданыстағы медициналық сертификат;»;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Аспаптар арқылы ұшу құқығына берілетін біліктілік белгісі үміткерге мынадай талаптар орындалған жағдайда қойылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.